Атырау, 27 қараша 16:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Балаларға - үздік томограф

4 914 просмотра

Атырау облыстық балалар ауруханасы өзінің компьютерлік томографына ие болды.

АҚШ-та жасалған, құны 500 млн теңге тұратын көпшиыршықты компьютерлік томографты (КШКТ) аурухана НКОК компаниясының демеуқаржысына алған болатын. Шілде айынан бастап кабинет пациенттерді қабылдай бастады.

- Бұл танымал General Electric корпорациясының өзіндік аппараты, ол бүкіл адам ағзасын басынан аяғына дейін түсіре алады, - дейді нейрохирург, облыстық балалар ауруханасының радиологы Сәулебай БАЙЖАНОВ. – Аппараттың жаңа моделінің мүмкіндігі өте ауқымды, егер осыған дейін бүкіл облыс пайдаланып келген облыстық аурухананың томографында16 қиық болса, мұнда 64 қиық бар. Ол физикалық түрде көрінген органикалық сипаттағы кез келген өзгерістерді анықтайды. Мәселен, бас миындағы немесе басқа ағзадағы ісікті.

- Ал ол нені көрсете алмайды?

- Физикалық көрінісі жоқ молекулярлық өзгерістерді. Мәселен, бүйректің сырқатын таба алмайсың. Қанның, органның өзгерістерін қан көрсеткіштерінен анықтауға болады. Ал егер бүйректің пішіні өзгерсе, біздің томографта бұл бірден көзге түседі.

Модель алдыңғы шығарылымдардың кемшіліктерін ескерген. Бүгінде ол соңғы шыққан аппараттардың бірі. Мұндай аппараттар Астана мен Алматыда болды, енді бізде де бар. Күрделі техниканы өндірушілер монтаждаған, біздің медиктер онымен жұмыс істеудің арнайы оқуын оқып келді. Бүгінде томографпен 2 радиолог пен 5 лаборант жұмыс істейді. Олар бас миымен, кеуде жасушасымен, құрсақ қуысымен, түтік тәрізді сүйектермен, омыртқаның бел бөлігімен жұмыс істейді.

Томографияға учаскелік дәрігердің жолдамасымен немесе ақылы негізде түсуге болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 қыркүйек 2014, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.