Конференцияға байырғы халықтардың өкілдері, мемлекет басшылары мен БҰҰ лауазымды тұлғаларын қоса алғанда бір мыңнан аса адам қатысып жатыр.
Жиында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун байырғы халықтар "ғаламдық даму мен адам құқықтары тақырыбында басты орында тұратынын" және олар БҰҰ-ның толық қолдауына ие екенін айтты.
Пан Ги Мун жиында делегаттарды Латын Америкасы, Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия, Малайзия, Солтүстік Америка, Норвегия және Швециядағы байырғы халықтардың тілдерінде амандасып, қарсы алды.
Дереккөз: BAQ.KZ