Атырау, 24 қараша 23:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Amnesty Қытайды адамды азаптау құралдарын жасады деп айыптады

1 498 просмотра

Amnesty International ұйымының құқық қорғаушылары қытай компанияларын адамды азаптау құралдарын жасағаны үшін айыптады. Бұл туралы BBC хабарлады. 

Ұйым өкілдері мұндай саймандарды жасаумен 130-ға жуық компания айналысатынын алға тартып отыр.

Азаптау құрылғыларының ішінде электрошокерлер, металл сойылдар, кісендер мен қарғыбаулар бар.

Amnesty олардың кейбірін полицейлердің жұмысында заңды түрде қолдануға болатынын мойындайды, бірақ көбісі адам құқығының бұзылуына әкеп соқтырады екен.

Адам құқығы жиі бұзылатын Африка мен Оңтүстік Шығыс Азия елдері мұндай қытай өнімдерін тұрақты түрде сатып алып отыратын көрінеді.

Дереккөз: bnews.kz

23 қыркүйек 2014, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.