Қытайда сот сепаратизм үшін айыпталған ұйғыр ғалымы, құқық қорғаушы, бұрынғы университет профессоры Ильхам Тохтиге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлады Би-Би-Си.
Тохти Бейжің саясатын Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіне қатысты ұйғыр мұсылмандарының құқықтарын шектеді деген күдікпен бірнеше рет сынға алған.
Сарапшылардың пікірінше, ғалымға шығарылған үкім онсыз да тыныштығы кеткен өңірде әлеуметтік қысымды күшейтуі мүмкін.
Тохти адвокатының айтуынша, оның қорғаушысы үкімге шағымданбақ.
Қаңтарда болған тінту барысында компьютер, телефон, академиялық жұмыстарын қоса алғанда, ғалымның барлық жеке мүліктері тәркіленген.
Дереккөз: ҚазАқпарат