Атырау, 5 желтоқсан 10:46
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мәдениет үйі директорының ісі

2 919 рет қаралды

Атырау облысы бойынша қаржы полициясының департаменті Құрманғазы ауданындағы «С.Көшекбаев атындағы Мәдениет үйі» КМҚК директоры азамат Т-ға қатысты ҚР ҚК-нің 176-бабы («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы туралы хабарлама таратты.

Азамат Т. өткен жылдың қыркүйегінде жеке кәсіпкерлермен ұлттық киім тіктіруге, әкімшілік ғимаратты безендіруге және жалюз жеткізуге келісімшарт жасасып, жұмыстардың орындалмағанын және тауардың жеткізілмегенін біле тұра, қабылдау актісіне қол қойған. Осылайша ол сеніп тапсырылған бюджеттік қаржыларды ысырап етіп, мемлекетке 2 млн теңге сомасында зиян келтірген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қыркүйек 2014, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.