Атырау, 23 қараша 12:45
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Соғыста байланысшы болған Захарова 90-ға толды

2 052 просмотра

18 қыркүйекте Ұлы Отан соғысының ардагері Раиса Васильевна ЗАХАРОВА 90 жасқа келді. Ардагерді осы мерейтойымен Атырау қаласы әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ құттықтады.

Раиса Васильевна соғысқа 1942 жылы 18 жасында кетіп, майдан даласының алдыңғы шебінде болған. Қан төгіс соғыс кезінде штабпен байланысты үзбеу үшін байланысшылар қашан да қырғынның ортасында жүретін. Ол соғыста аяғына дейін болды, Сталинград шайқасына қатысты. Ал соғыстан кейін өмір бойы геологиялық барлау экспедициясында жұмыс жасады. Зейнеткерлікке сонау 1982 жылы шыққан. Раиса Васильевнаның бұрын денсаулығы жақсы болатын, белсенділігімен көзге түсетін. Алайда соңғы жылдары кішкене сыр бере бастады – көз көрмей, қозғалу қиындап кетті. Өткен жылы ардагерге бір бөлмелі үй берген, қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Раиса Васильевна сіңлісінің отбасымен бірге тұрады.    

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

19 қыркүйек 2014, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.