Фото: bnews.kzАлматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ – Қырғызстан бюджеті дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізген соң $10 млн-ға толықты, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Шетелдік туристер - $1,8 млн (кіріс әкелді – ҚазТАГ). Әр турист орташа алғанда 1 турға $400 жаратады (ойындар кезеңінде жүргенде – ҚазТАГ). Ішкі туристер - $8,1 млн. Ішкі туристер орташа алғанда турға $200 жаратады. Елдегі және Ыстық көл өңіріне ойындардан келген жалпы кіріс – $9,9 млн. болды. Егер ойындарды өткізуге 102 млрд сом жаратылғанын ескерсек, бірінші ойындар үшін бұл жаман емес, деп ойлаймын», - деп жазыпты өзінің Facebook-тегі парақшасында ҚР мәдениет, ақпарат және туризм министрінің орынбасары Мақсат Чакиев.
Ондағы бар ақпарат бойынша, көшпенділердің дүниежүзілік ойындарына 45 мың адам қатысты, олардың ішінде әр ойныншы - шетелдік азамат болды.
«Туризм департаментінің мәліметтерінше, ойындарға 45 мың адам қатысты. Ойындардың салтанатты ашылу рәсімінде ғана ипподромда 15 мың адам қатысты. Олардан 10% (4-4,5 мың адам) шетелдік туристер болды», - деді М. Чакиев.
Еске салсақ, көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Қырғызстанда 9-14 қыркүйекте өтті. Оған әлемнің 19 елінен спорттың 10 түрінен 430 спортшы делегация қатысты.
Қазақстан құрамасы 28 медаль, оның ішінде 10 алтын, 9 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.
Дереккөз: ҚазТАГ