Гуанси-Чжуан автономдық ауданы мен Хайнань, Гуандун провинциясында 5,97 млн адам «Калмэджи» тайфунынан зардап шекті, деп жазады ИТАР-ТАСС.
ҚХР Су тасқыны және құрғақшылықпен күрес мемлекеттік штабының хабарлауынша, кем дегенде 7 адам қаза тауып, тағы бірі із-түссіз жоғалып кеткен.
Ведомствоның баяндамасында көрсетілгендей, аталған провинцияларда 668 мың гектар алқапты су шайып кеткен, 1,6 мың үй қирады. Сонымен қатар электр сымдары үзіліп, қозғалыс қиындады, әуежай, порт және теміржол көлігі уақытша тоқтатылды.
Дереккөз: bnews.kz