Атырау, 24 қараша 22:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шотландияда тәуелсіздік туралы референдум өтеді

2 463 просмотра

Фото: politikus.ruФото: politikus.ruАлматы. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Шотландияда тәуелсіздік туралы референдум өтеді, деп хабарлады РБК.

«Бейсенбі күні, 19 қыркүйекте, Шотландияның тәуелсіздігі туралы референдум өтуі тиісті», - делінген мақалада.

БАҚ мәліметтерінше, дауыс беруге 5,3 млн тұрғынның 4,3 млн адамы тіркеуден өтіпті. Бюллетеньдердегі жауап берілуі тиісті сауал «Шотландия тәуелсіз мемлекет болуы керек пе?» деп көрсетілген.

Хабарда айтылғандай, дауыс беруге 2,6 мың учаске ашылмақшы. Алдын ала мәлімет бойынша референдум тізімінде көрсетілгендердің 80%-ы келеді. Барлығы да дауыс бере алады. Дауыс беру ережесіне сай, оған Шотландияда тұрақты тұратын азаматтар, оның ішінде жарты миллиндай Англия мен Солтүстік Ирландияның және Уэльстің солтүстік өлкеге қоныстанған азаматтары қатыса алады. Референдумға қатысуға тіркелген шотландиялықтардың бестен бірі, немесе 790 мың адамы пошта арқылы дауыс беруді таңдады.

Ақтық нәтиже жұма күні таңертең жарияланады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

18 қыркүйек 2014, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.