Атырау, 21 желтоқсан 15:13
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Болашақ футболшылар алаңда

2 558 просмотра

«Судоремонтник» стадионында футбол орталықтары мен академиялары арасындағы Қазақстан біріншілігінің жартылай финалдық кезеңі аясында «Атырау-97» командасы Семей қаласынан келген құрдастарын 2:0 есебімен ұтты. 

Есеп айып добын орындау кезінде ашылды. Айбек Ғұмаровтың қақырата тепкен добын семейлік қақпашы қайтарғанымен, алаң иелерінің команда капитаны Руслан МУФТОЛЛА серпілген допты қақпаға дарытты. 

Екінші таймда ақ-жасыл жейделілер басымдықты үдете түсті. Қауіпті сәттердің бірінде семейлік қорғаушы өз айып алаңында «Атыраудың» ойыншысы Валерий Андреевті шалып жықты.

Төреші еш ойланбастан 11 метрлік айып добын белгіледі. Жартылай қорғаушы Рафаэль Оспановтың добын қақпашы қайтарды, алайда, семейлік футболшылардың айып алаңына мерзімінен бұрын жүгіріп кіруіне байланысты төреші пенальтиді қайта орындауды талап етті. Екінші соққы қақпаға дәл дарыды. 

Ойынды Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры Қанат МҰСАТАЕВ (суретте) тамашалады. Ол қаламызға «Атырау» ФК футбол орталығы ұжымына жаңа техникалық директор, 49 жастағы украиналық маман Анатолий БЕЛЯЙДЫ таныстыруға келіпті. Анатолий 2013 жылы «Атырау» ФК ФО жұмысына жетекшілік еткен, содан кейін «Ақтөбе» ФК ФО-ға ауыстырылған. «Атырау» ФО-ның бұрынғы техникалық директоры Владимир ГРИГОРЬЕВ Орал қаласына осындай жұмысқа кетті. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

18 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.