Әр аптаның сенбісінде Құлсары қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Мұнда баға әлдеқайда қолжетімді, сондықтан сұраныс та үлкен.
Картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, қызанақ, т.б. ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы нарықтағыдан 20-30 теңгеге төмен. Бірнеше шаруа қожалығы қой, бағлан, ешкілерді көлікпен әкеліп сатады. Одан бөлек, жәрмеңкеден құс, жаңа ауланған балықтарды да сатып алуға болады.
- Мұнда қатып қалған баға жоқ. Бастысы - саудаласа білу. Бұл күнде көп адам өз керектісін табады, -дейді Оралхан есімді жігіт.
- Біз бұрын жәрмеңкені 1-ші ықшам ауданда өткізетінбіз, -дейдіЖылыой аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас ҚУАТБАЕВ.–Кейін ол жер жәрмеңкеге таршылық еткен соң, қаланың сырт жағына шығардық.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА