Атырау, 23 қараша 12:26
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үздік модельдер - Атырауда

2 842 просмотра

Солдан оңға қарай: А.Килимова, В.Кошманова, А.ӨтеғалиеваСолдан оңға қарай: Ә.Килимова, В.Кошманова, А.ӨтеғалиеваАқтауда Орал, Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларының қыздары арасында «Батыс Қазақстан топ-моделі-2014» байқауы өтті. Біздің қыздар - Әсел КИЛИМОВА мен Аида ӨТЕҒАЛИЕВА Батыс Қазақстанның ең әдемі модельдері атағына ие болды.

Атыраулық «Vero Modelz» модель студиясының директоры Вероника КОШМАНОВАНЫҢ айтуынша, байқауға қатысқан қыздардың барлығы – кәсіби манекеншілер. Айда бірінші орын алып, «Батыс Қазақстан фотомоделі-2014» атағын иеленсе, екінші қатысушымыз Әсел «Интернет аруы» атанды. Жақында «Қазақстан аруы-2014» байқауына кастинг (іріктеу) басталады.

- Кез-келген қыз өз қаласында кастингке қатысу үшін өтінім бере алады, - дейді Кошманова.– Бұл үшін осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін miss.kazakhstan.kz сайтына тіркелу керек. Екінші кезеңде үміткерлердің өздері ұсынған пошта мекенжайына кастингке шақыру жөнінде хабарлама жіберіледі. Атырау қаласында кастинг 8 қазанда өтеді. Оның қорытындысы бойынша үстіміздегі жылдың 8 қарашасында болатын«Атырау аруы-2014» байқауына қатысуға 20қыз іріктеледі. Байқау қорытындысында «Атырау аруы» және «Атыраудың екінші аруы» атанған қыздар «Қазақстан аруы-2014» финалдық байқауына қатысады.

Өңірлік байқауды ұйымдастырушылардың бірі, «Work and life» ЖШС директоры Нұрлан АЗАМАТОВТЫҢ айтуынша, биыл ең әдемі қызды әділ қазылар емес, халық таңдайды. Қазылар үш финалист қызды анықтайды және осымен олардың жұмысы аяқталады. Тікелей көрсетілім кезінде дауыс беру желісі ашық болады және ақтық сынға шыққан үш қыздан жеңімпазды қазақстандықтар тікелей өздері таңдайды. Келесі күні әділ қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру хаттамалары, СМС, интернет дауыс берулер ресми сайтта жарияланады. Ал жеңімпаз бір миллионкөлемінде ақшалай сыйлық алады.

Анастасия ПАСТУХОВА

17 қыркүйек 2014, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.