Атырау, 9 желтоқсан 00:41
 ашықВ Атырау -1
$ 508.30
€ 592.17
₽ 6.63

Тоқта, жүргінші келе жатыр!

2 968 рет қаралды

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 2-12 қыркүйек аралағында мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер арасында жол-көлік жарақаттанудың алдын алу онкүндігіне байланысты баспасөз конференциясын өткізді.

Атырау облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы, полиция капитаны Сұңғат САПАРОВТЫҢайтуынша, 2014 жылдың 8 айында 214 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 52 адам қаза тапқан, 318 адам әртүрлі дене жарақатын алған.  2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қайғылы оқиға 14,9 пайызға төмендеген. Жол-көлік оқиғаларының саны бойынша Атырау қаласы мен Жылыой ауданы алғашқы орындарда.

- 2013 жылы 12 бағытты жұмыс жасаған едік. Биыл да сол бойынша жұмыстар жалғасуда. Мектептер мен балабақшалар алдына жаяу жүргіншілер жолы мен жылдамдықты тежегіштер орнатылды. ЖКО алдын алу туралы көптеген іс-шаралар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушыларының киімдеріне түнгі кезде жарқырап көрінетін белгі қою жоспарлануда. Балалардың қатысуымен болған ЖКО саны: 2013 жылы – 92, 2014 жылы – 47. Көрсеткіш, әрине азайып отыр. Дегенмен, жұмысты тоқтатпау керек, аудандарда бағдаршамдардың жұмыс жасамайтындығы кесірінен ЖКО орын алу қаупі сейілмей тұр, - дейді капитан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жол-көлік апаты бойынша жарақаттану мен өлім-жітім өлімге әкелетін оқиғалар тізімінде 8-орында тұр, егер шұғыл шаралар қаблданбаса, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 5-орынға дейін көтерілуі мүмкін.

НұргүлХАЙРУЛЛИНА

17 қыркүйек 2014, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.