Атырау, 24 қараша 22:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Леонардо Ди Каприо БҰҰ әлем елшісі болды

2 090 просмотра

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі әлем елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін журналистерге дүниежүзілік ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мун мәлім етті.

«Ди Каприо қоршаған ортаны қорғау қозғалысындағы елеулі тұлға», - деді Пан Ги Мун. Ол американдық актердің климаттың өзгеруімен байланысты проблемаларға БҰҰ-ның күш-жігер жұмсауын қолдағанын қанағаттанғандық сезіммен атап өтті. Бас хатшы Ди Каприоны Бас Ассамблеяның 69-сессиясы ауқымында 23 қыркүйекте өтетін климат бойынша саммитке қатысуға шақырғанын айтты.

Ди Каприо 1998 жылы өзінің есімімен аталатын қор құрды және ол алдына тұмса табиғатты қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ адам мен қоршаған ортаның үйлесімдікте өмір сүруі жолдарын іздестіру міндетін қойып отыр. Голливуд актері БҰҰ атынан әртүрлі мәселелерге қозғау салумен айналысатын  басқа да 11 әлем елшілеріне қосылады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

17 қыркүйек 2014, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.