Атырау, 24 қараша 22:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Иосиф Кобзон Латвия үкіметін Еуропа сотына берді

1 519 просмотра

Ресей мемлекеттік думасының мүшесі, белгілі әнші Иосиф Кобзон Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына Латвия үкіметінің үстінен шағым түсірді. Ол өзін Латвия үкіметі ел аумағына кіргізбей қойғаны себепті шеккен зиянды өндіріп беруді сұраған.

Биыл шілде айында ресейлік үш әнші – Олег Газманов, Иосиф Кобзон және Алла Перфилованың (Валерия) Латвия аумағына кіруге тыйым салынған еді. Латвия сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевич әншілердің «Қырымды аннексиялауды белсенді қорғағаны» және Украина билігінің іс-әрекеті жайлы «әдепсіз сөздері» үшін «қара тізімге» алынғанын айтқан.

Тыйым кесірінен бұл әншілер Латвияның Юрмала қаласында өтетін дәстүрлі «Жаңа толқын» халықаралық ән байқауына қатыса алмады. Кобзон алдын ала төлеп қойған 11,5 мың еуроны өзіне қайтарудан бас тартқан Юрмаладағы қонақ үй әкімшілігі «талап-арызды үкіметке қоюға» кеңес бергенін айтады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

17 қыркүйек 2014, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.