Бортында 250-ге жуық мигранты болған жолаушылар кемесі Ливия жағалауында апатқа ұшырады. Бұл жайында Ливияның әскери теңіз күштері хабарлады деп жазады Reuters.
Оқиға ел астанасы Триполидің шығысындағы Таджура қаласына жақын маңда орын алған. Кеме бортында болғандардың барлығы дерлік Африка елдерінің тұрғындары, көпшілігі әйелдер.
Әскерилер тек 26 адамды құтқара алғандығын айтады. Әскери теңіз күштерінің өкілі Аюб Кассемнің айтуынша, су бетінде қалқып жүрген адам мәйіттері өте көп. Әзірге нақты қанша адамның қайтыс болғандығын есептеу мүмкін болмай отыр деді ол.
Қазіргі таңда заңсыз мигранттар мінген су көліктерінің Жерорта теңізінде апатқа ұшырауы өте жиілеп кетті. Муамао Каддафи билік етіп тұрған тұста Ливия жағалауында мұндай жайттар орын алмайтын, яғни Европаға қарай ағылатын босқындар саны тым аз еді деп жазады ақпарат көзі.
Дереккөз: Baq.kz