Атырау, 27 қараша 15:48
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Аймақты дамытуға өз үлесіңді қос

1 460 просмотра

Бүкіл Қазақстан бойынша және атап айтқанда, Атырау облысында жалпыұлттық «Аймақ-2050» байқауы жарияланды. Кез-келген ниет білдіруші, жасына, жынысына және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, өңірді 2050 жылға дейін дамытудың өзіндік үлгісін ұсынуға мүмкіндігі бар.

Байқауды ұйымдастырушы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің және ҚР Өңірлік даму министрлігінің қолдауымен «KZ-2050» Жалпыұлттық қозғалыс» ҚБ, сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазақстанның даму банкі» АҚ болып табылады.

- Үздік жұмыстар ұсыныстар ретінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға берілетін болады, - деп әңгімелейді «KZ- 2050» қозғалысының аймақтық өкілі Нұржан ӨТЕПБАЕВ.- Бұл байқау біздің елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Мұндай шаралар үздік жобаларды ұсынған азаматтар оны түскі ас кезінде ел президентімен немесе премьер-министрмен талқылай алатын еуропалық елдерге тән. Айтпақшы, жалпыұлттық байқау жеңімпазы да Қазақстанның премьер-министрімен таңғы ас ішу және 500 мыңтеңге ақшалай сыйлық алу мүмкіндігіне ие бола алады. Жергілікті тұрғындарға облыстың анағұрлым мықты және әлсіз тұстары жақсы таныс. Бұл байқау – ниет білдірушілер үшін тек өз тағдырын ғана емес, бүкіл облыс өмірін өзгерту үшін нақты мүмкіндік болмақ.

Байқау 1 тамыздан 13 желтоқсанға дейінгі аралықта өтеді. Жеке де, ұжымдық та жұмыстар дайындауға болады. Ұжымдық жұмыстарға артықшылықтар берілетін болады. Жобалар көңіл аударарлықтай салмақты, маңызды болуға тиіс. Тіркеуден табысты өткен қатысушылар арнайы тренингтерге қатысып, стратегиялық жоспарлау негіздерін оқиды.

Жыл аяғында үш жеңімпаз анықталады. Бірінші орын алған қатысушы 500 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық алады. Екінші орынға 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге тиесілі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

12 қыркүйек 2014, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.