10 қыркүйекте облыстық мәслихаттың 24-ші сессиясында тұрғын үй құрылысының барысы туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Елтай ҒАЛЫМЖАНОВ баяндама жасады.
Облыстық құрылыс басқармасының мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың басында облыста коммуналдық баспана алу кезегінде 15 000-дай адам тұрған. Ғалымжанов бюджеттік баспана есебінен барша мұқтаж жандардың сұраныстарын қанағаттандыру мүмкін еместігін мойындады. Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) үшін жер телімдерінің берілуіне үміт артып отыр. Осылайша 2020 жылға дейін облыс бойынша ЖТҚ үшін жалпы алаңы 6 мың гектар болатын 60 мың жер телімін бөлу жоспарланған. 2018 жылға дейін телім бөлінетін жерлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу жоспарлануда.
2020 жылға дейін облыс бойынша бүкіл қаржыландыру көздерінен 4,8 млн шаршы метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған.
- Облыстың аудан орталықтарында арендалық баспананың үштен бір бөлігі салынатын болады, - деп хабарлады Ғалымжанов.
Ағымдағы жылда облыс бойынша 2 738 пәтерлік 118 үй салынуда. Биыл оның ішінде 2 148 пәтерлік 37 үй тапсырылатын болады. Қалған үйлер 2015 жылы көбінесе облыс аудандарында салынбақ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ