Доминикан Республикасында 10 қыркүйекте американдық компанияның қарамағындағы қос моторлы ұшағы жоғалып кетті. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Азаматтық авиация қызметінің ақпаратынша, ұшақ Санто-Домингодан елдің шығысындағы Пунто-Кана қаласына бағыт алған. Елордалық Лас-Америкас әуежайынан ұшқан соң диспетчерлік қызмет пен әуе кемесі арасындағы байланыс үзілген. Ұшақ бағыт алған қаласына дейін жетпеген.
Ұшақтың Делавэр штатындағы Довер қаласындағы компанияға тиесілі екені белгілі болды. Ел билігі ұшақты іздестіру жұмыстарына кірісті. Ұшақ бортында қанша адам болғаны әзірге белгісіз.
Дереккөз: ҚазАқпарат