Грузия президенті Георгий Маргвелашвили актриса Мака Чичуамен бірге. АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузия президенті Георгий Маргвелашвили суретші және актриса Мака Чичуамен ресми түрде некесін қиды. Екеуі бірнеше жылдан бері азаматтық некемен бір шаңырақтың астында тұрған еді.
Неке қию салтанаты Душетидегі (Грузияның шығысындағы аймақ) президенттің қала сыртындағы үйінде өтті.
45 жастағы Георгий Маргвелашвили осымен үшінші рет үйленіп отыр. Оның бірінші әйелінен сүйген Анна есімді қызы қазір 22 жаста. Мака Чичуаның да алғашқы күйеуінен қыз баласы бар.
Мака Чичуа телеарналардың бірінде визажист болып еңбек еткен. Сондай-ақ ол сахнада да өнер көрсеткен, «Күлімсіре» («Улыбайся») көркем фильмінде ойнаған, деп хабарлайды БЕЛТА.
Дереккөз: inform.kz