Атырау, 21 желтоқсан 11:45
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

1 823 просмотра

Азиадада Гүлжайнаға жанкүйер боламыз

Қыркүйектің соңында оңтүстік кореялық Инчхон қаласында өтетін Азия ойындарында Қазақстан үшін әйелдер боксының үш өкілі: 51 келіге дейін  Жайна ШЕКЕРБАЕВА (Шымкент), 60 келіге дейін Гүлжайна ҮББІНИЯЗОВА (Атырау) және 75 келіге дейінгі салмақта еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының жүлдегері Мария ВОЛЬНОВА (Астана) бақ сынайды.

Облыстық әуесқой бокс федера-циясының тете президенті Сәрсенбай ТОРҒАЕВ әңгімелейді:

- Ағымдағы жыл басында Қазақстан Бокс Федерациясының нұсқауымен дайындығына жағдай жасауымыз үшін Гүлжайнаны Атырауға берді. Атыраулық спортшы Қазақстан чемпионатында, Польша мен Грекия турнирлерінде жеңіске жетіп, Азиадада еліміздің туы астында өнер көрсету құқығын иеленді. Жақында біз оны Астанадағы жиынға шығарып салдық, сол жерден ол Кореяға аттанады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Муай-тай ізбасарлары өсіп келеді

«Мұнайшы» спорт кешенінде ҚР Ата заңы күніне орай балалар мен жасөспірімдер арасында муай-тайдан Атырау қаласының чемпионаты өтті.

Дәулет Мұратов, Жандос Жолдасов, Рамиль Маратов, Әли Мұратов, Алтай Уахит, Дархан Амандықов, Әбілхайыр Мұхтаров, Бекзат Салахаденов, Мақсот Мұхамедәлі, Мейрамбек Нәубетов, Айбек Ақылбеков, Бағытжан Нөкеев және Әлішер Шайд жеңімпаздар атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Велосипед тепсең, ауырмайсың

Өткен сенбі күні, 6 қыркүйекте Махамбет-Исатай алаңында жыл сайын қыркүйек айында еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылатын «Денсаулық фестивалі» кең түрде аталып өтті.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырған шараға облыстық денсаулық сақтау, туризм және спорт, білім беру басқармалары, қалалық әкімият, қалалық ішкі саясат бөлімі және жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары, арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері мен спортсүйгіш қаламыздың ниет білдіруші тұрғындары үлес қосты.

Шараның негізгі бөлігі – велосипедшілердің шеруі – орталық алаңнан бастау алып, Сәтпаев көшесі бойымен «Тамаша» сауда орталығына дейін барып, кері алаңға оралды. Веломарафонға облыстық ішкі істер департаменті, төтенше жағдайлар департаменті, кеден бақылау департаменті, облыстық прокуратура, салық комитетінің, қалалық ішкі істер бөлімінің, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері мен қатысуға ниет білдіруші қала тұрғындары қатысты. Марафоншыларға Атырау мұнай және газ институтының профессоры, Мәскеудегі бүкіләлемдік марафоншылар жарысына 17 рет қатысушы, облысымызға танымал спортшы Асқар ҚАЗИЕВ сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, қаладағы барлық колледж студенттері мен №27 мектеп оқушылары ұйымдастырған флешмоб қатысушылары ырғақты әуенге би билеп, шараның көркін қыздырса, танымал фитнес орталықтың жастары да ортаға шықты.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.