Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның 10 жасар оқушысы Нұрәділ ЖАМБЫЛ «Надежды Астрахани» деп аталатын шахмат фестивалінің күміс жүлдегері атанды.
Азияның 2010 жылғы вице-чемпионы, ФИДЕ шебері Жәнібек АМАНОВТЫҢ шәкірті 11 жасқа дейінгі балалар санатында ресейлік 33 бала және әзірбайжандық үш замандасымен сайыста бір өзі Қазақстанның атынан шығып, 7,5ұпай жинады. Бір қызығы, турнир жеңімпазы астрахандық Илья ГАЛИЧКИН де осындай ұпай жинаған. Сот алқасы үздік спортшыны, менің пікірімше, жеңген көшбасшылардың бүкіл ұпайлары есептелетін Бухгольцтің күмәнді коэффи-циенті бойынша анықтаған. Нұрәділде бұл коэффициент 50-ді, Ильяда – 53-ті құраған.
Нұрәділдің анасы Анар әңгімелейді:
- Бастапқыда Нұрәділ Привокзальныйдағы №1 Балалар мен жасөспірімдер мектебінде танымал тәлімгерлер Гүлнұр ТӨЛЕУОВА және Сабырбай ГАЙСИННІҢ жетекшілігімен жаттықты. Ж.Аманов АҚШ-тан келгеннен кейін Нұрәділ соған ауысты. Жас бапкер Нұрәділдің міндетті түрде 2015 жылы наурызда өтетін Қазақстан чемпионатында жеңіп шығатынына сенімді. Ол Қазақстанның үш чемпионатына қатысты, әзірге табысқа қол жеткізе қойған жоқ. Салыстыру үшін: Астанада ресми Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен басқа жеке 22 мектеп бар. Ал біздің қалада интеллектуалды ойын бойынша сабақтар тек бір спорт мектебінде өтеді. Бапкері Нұрәділді зор болашақ күтіп тұр деп есептейді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ