Атырау, 23 қараша 12:15
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пандус деген аты ғана

6 142 просмотра

Мүгедектердің өмірін жақсарту жөнінде үкімет қаулысымен бекітілген шаралар жоспары бар. Исатай ауданына облыс орталығынан арнайы комиссия барып, оның орындалуына тексеру жүргізді. Нәтижелер көңіл жабырқатарлық болып шықты.

Әр облыста ең алдымен түрлі санаттағы – арбаға таңылған, көзі көрмейтін, нашар еститін мүгедектер үшін қолжетімді болуы тиіс ғимараттар тізімі бекітілді. Атырау облысында 2014 жылға осындай 34 нысанды бейімдеу (яғни, пандустарды жабдықтау және т.б.) жоспарланған. Олардың көпшілігі - жалпыға білім беретін мектептер.

- Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлама басқармасында жұмыстардың жоспарға сай жүргізіліп жатқандығы туралы баяндайды, - дейді Атырау облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Эмилия ГРЕЧАНИК.Біз екі мектеп пен Сарайшық интернат үйінің ғимаратын бейімдеу жоспарланған Махамбет ауданына шығып келдік. Ол жерде ешқандай жұмыстың жүргізілмегендігіне көз жеткіздік, ал, бейімдеу бағдарламасына қатысушы мекемелердің басшылары, тіпті, ол туралы білмейді де. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының қалай жұмсалатындығы түсініксіз қалып отыр.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің, сонымен қатар мүгедектердің ісі жөніндегі облыс әкімі аппаратының кеңесші құрамымен облыстық комиссия барған Исатай ауданында 4 мектеп – Аққыстау, Ж.Мырзағалиев атындағы (Тұщықұдық ауылы), Томан ауылының, Г.Масалимов атындағы (Х.Ерғалиев ауылы) мектептер бейімдеуге тиесілі.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Ермек МӘМБЕТОВА Исатай ауданында 27 мың адам тұратынын, оның 673-і мүмкіндігі шектеулі жандар екендігін хабарлады. Мүгедектігі бар адамдар арасында 16 жасқа дейінгі 104 сәби және 16-дан 18 жасқа дейінгі 23 жасөспірім бар.

Аталған төрт мектептен тек Аққыстау орта мектебінде ғана мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін ғимаратты бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізуге жобалау-сметалық құжаттама бар.

Мектеп директоры Ғаділ БОРАНБАЕВ түсіндірді:

- 2012 жылы біз жергілікті бюджеттен ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге қаржы алдық. Өздеріңіз көріп отырғандай, жөндеу жүргізілді. 2013 жылдың желтоқсанында жалпы сомасы 2,5 млн-нан сәл астам теңгеге ғимаратты бейімдеу бойынша жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледік. Пандус салудан басқа дәретхана бөлмесін жарақтау және арнайы орынжай мен басқа да бірқатар шаралар қарастырылған. Қаржыландыру болған кезде біз бірден жұмыстарғакірісеміз.

Ал, қалған үш ауылдық мектептен ешқандай стандартқа сай келмейтін, оның үстіне, тек арбаға таңылғандар үшін емес, оның бойымен жүгіруге ұмтылатын дені сау балалар үшін де қауіпті тек пандусқа ұқсас нәрсені көрдік. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ғимаратты бейімдеудің қандай да болмасын басқа шаралары жоқ. Егер осы мектептердің директорларының сөздеріне сенер болсақ, олар өздерінің оқу орындарының ғимараттары бейімдеу шараларының жоспарына енгізілгені туралы білмейді екен. Бір қызығы, мектеп ғимаратына кіре берісте пайда болған пандустар биылғы жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген жобалау-сметалық құжаттамасына енгізілмеген. Егер олар сметада жоқ болса, пандустарды неге салдыңыздар деген сұраққа директорлар: «Оны мердігерлер өздері жасады», деп бірдей жауап берді. Директорлар республикалық бюджеттен ғимаратты бейімдеуге оларға қаржы бөлінетіндігі туралы білмеген.

Атырауға келген соң мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан жоспардың жүзеге асуына қанша қаржы бөлінгенін анықтауға тырыстым. Алайда, жарытымды жауап ала алмадым.

Бір ғана білген нәрсем, ғимаратты бейімдеуге республикалық бюджеттен күрделі жөндеуге бөлінген соманың 10 пайызы тиесілі екен. Әр ғимарат бойынша бұл қандай сома, кейбір жердегі басшылар ол туралы неліктен білмейді, орындалған жұмыс көлемі қандай? Бұл сұрақтар жауапсыз қалды. Бүкіл жауаптарды таяуда өтетін селекторлық кеңесте айтуға уәде етті.

 

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.