Атырау, 24 қараша 22:55
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қытай билігі мұсылмандармен үйленгендерге қаржылай қолдау көрсетеді

1 504 просмотра

Қытай билігі мұсылмандар көптеп шоғырланған Синьцзян аймағында мұсылмандармен отау құрған тегі қытай азаматына (ханьдықтар) қаржылай қолдау көрсететінін жариялады, деп хабарлайды Islam.kz.

Бұл шара аталған аймақтың кейбір аудандарында тамыз айының 21-нен бастап жүзеге асырыла бастаған көрінеді. Аралас некелі отбасылар тұрғын үйге оңай жолмен қол жеткізіп қана қоймай, медициналық көмекке, сондай-ақ, баларына білім берудегі артықшылықтарға ие болады. Яғни, қытай азаматына тұрмысқа шыққан өзге ұлт өкілдеріне ақшалай сый-сияпат көрсетіліп жатқаны жөнінде осы елдің құзырлы орындары экстремистік ұйым ретінде таныған Бүкіл әлемдік ұйғырлар конгресінің Мюнхендегі өкілі Ділшат Решит дабыл қақты.

«Олар некені өздерінің саяси мақсаттарына жетудің құралы ретінде пайдалануда», - деген Д.Решит түркілік мәдениет өкілі ұйғырлар мен ханьдықтардың дүниетанымы жағынан бір-біріне мүлдем ұқсамайтынын алға тартып отыр. Сонымен қатар, Синьцзян аймағына қоныс аударған қытайларға да жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.

Дереккөз: bnews.kz

10 қыркүйек 2014, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.