Атырау, 24 қараша 22:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Эбола вирусы Либерияға қауіп төндіріп отыр

1 623 просмотра

Эбола вирусы Либерияға қауіп төндіріп отыр. Ауру елде жылдам тарап жатыр, деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрі. Бұл туралы русская служба BBC хабарлады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлеген Брауни Самукайдың айтуынша, Либерияда инфекциямен күресуге инфрақұрылымдық мүмкіндіктер, мамандар мен қаржы ресурстары жетіспейді.

Қорғаныс министрлігінің басшысы елдің нашар дамыған денсаулық сақтау жүйесі ауру жұқтырғандардың барлығына көмек көрсете алмай жатыр деді.

Сейсенбі күні ДДҰ Батыс Африкада Эбола безгегінен қайтыс болғандар саны 2296 адамға, ал ауру жұқтарғандар саны 4293 адамға жетті деп хабарлады. Ұйым мәліметі бойынша, індетті жұқтырғандар саны бұл көрсеткіштен төрт есе артық болуы мүмкін.

Либериядан басқа Сьера-Леоне, Гвинея мен Нигерияда төтенше жағдай қалыптасты.

Дереккөз: bnews.kz

10 қыркүйек 2014, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.