Атырау, 27 қараша 15:38
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Ағаштар өспеді

1 998 просмотра

Индербор кентінде мердігердің жауапсыздығынан биыл егілген 470 түп ағаш қурап қалды.

Келісімшарт бойынша доссорлық «Самал» ЖК жұмысшылары суарудан бөлек ағаштарды кесіп, оларды тыңайтуы тиіс болатын. 1 млн 600 мың теңгеге үш саябақтың күтімі де кірген еді. Алайда, мердігер өзінің міндетін орындамақ түгілі бірде-бір рет нысан басында көрінген жоқ.

Осы жылдың мамыр, маусым айларында тапсырысшы «Самал» ЖК-сын өз міндеттемелерін орындауға екі рет шақырған болатын. Айналып келгенде, биылғы аптап ыстықта уақытылы суарылмағасын, 470 түп ағаш қурап қалды.

Мердігер аудандық мәслихат депутаттары мен әкімшілік мамандарының үш рет жасаған актілеріне де әрекет етпеді. Сол кезде жұмыстарды тендердің екінші қатысушысы «ИндерТек» ЖШС-не тапсыруға шешім шығарылды. 

- Әкімдіктің тапсырмасын қабыл алып, біз жаз бойы ағаштарды сақтап қалуға тырыстық. Қаржының жетіспеушілігіне қарамастан біз кенттегі 1 500 түп ағашты аман алып қала алдық, қалғандары ыстыққа шыдамады, - дейді «ИндерТек» ЖШС басшысы Асхат МЫРЗАБАЕВ. 

Ал, кент әкімдігі «Самал» ЖК-сін сотқа берді.

12 тамызда болған Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Самал» ЖК-сын  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танып, оған 470 түп ағаш егуді міндеттеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.