Атырау, 16 ақпан 14:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

Лицей 2015 жылы ашылады

5 337 рет қаралды

Келесі жылдың қаңтарынан бастап Құлсары қаласында қазақ-түрік лицейі өз жұмысын бастайды.

Алғашында лицей ғимараты №24 мектеп-гимназия болып ашылған болатын. Оның құрылысына 702 млн теңге қазына қаржысы жұмсалған еді. Мектеп ғимараты қаладан үш шақырым жерде қашық орналасқандықтан оқушыларға мектепке жету қиындық туғызды. Бүгінде мектеп-гимназияның 425 оқушысы мен60-қа жуық мұғалімі қала ішіндегі басқа мектептерге орналастырылған.

Қазақ-түрік лицейінде тек ер балалар оқитын болады.

- Мектеп-гимназияны қазақ-түрік лицейіне айналдыру жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 4 млн теңге бөлінді, - дейді Жылыой ауданы білім бөлімі басшысының орынбасары Жанар ҚАЗИЕВА.- Бүгінде ғимараттың үшінші қабатын жатақханаға айналдыру, кәріз жүйесі жұмысын қалпына келтіру, басқа да жөндеу жұмыстарының сметалық-құжаттамалық жобасы жасалу үстінде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.