Атырау, 27 қараша 15:29
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жарық береді

2 169 просмотра

Индер ауданы Есбол және Ынтымақ ауылдарындағы көшелерді жарықтандыру бекітілген жұмыс кестесінен кешіктіріліп жүргізілуде. Осыған байланысты тапсырысшы - Есбол округінің әкімдігі мердігерден өсімпұл талап етпек.  

Алайда, мердігер жұмысты уақытында аяқтауға  тапсырысшы жасаған келісімшарттағы қателіктер кедергі болды деп есептейді. Сол себепті келісімшартты қайта жасауға тура келген. Келісімшартқа сәйкес, жарықтандыру жұмысы 1 шілдеде басталып, 31 тамызда аяқталуы тиіс болатын. Бұған бюджеттен 3 млн 900 мың теңге бөлінген. 

- Бірінші келісімшартта қателіктер көп жіберілді. Онда жай жөндеу деп көрсетілген, -дейді «Индер-Строй» ЖШС директоры Мурсалим МАМБЕТОВ. - Ал, дұрысында, біз күрделі жөндеу жасаймыз. Жаңа келісімшартты мен жұмыстың бітуіне бірнеше күн қалғанда - 27 тамызда қолыма алдым. Оның үстіне келісімшарт жасалғаннан кейін қаржының 30 пайызы бізгеаударылуы тиіс болатын. Алайда, ол уақытылы аударылмады. Сондықтан, мен банкіден 1,5 млн теңге несие алып, жұмысты бастап кеттім. Енді мен банкке несиемді қайтаруым керек. Ал, мұның бәрі әкімдік қызметкерлерінің сауатсыздығынан болып отыр.

- Қалған қаржы қолдарыңызға тиді ме?

- Иә, тамыздың аяғында қаржының 10 пайызынан басқасын есепшотымызға аударған. Жуық арада жарықтандыру толық аяқталады.

31 шілдеде Индер ауданының әкімі Серік АРЫСТАН «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша бюджеттік сыныптамасын дұрыс жоспарламау салдарынан бюджет қаражатын игеруде кемшіліктерге жол бергені үшін Есбол округінің әкімі Ерлан ҚАЛИЕВКЕ сөгіс түрінде жаза берген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.