Атырау, 27 қараша 15:52
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Үлгеруге тиіс

2 257 просмотра

8 қыркүйекте Атырауға ҚР мемлекеттік инспекторы Бағдат ҚАРАСАЕВ келді.

Облыстық әкімдікте мемлекеттік инспектор облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВТЫҢ баяндамасын тыңдады.

- Қысқа дайындыққа 2,9 млрд теңге бөлінді: республикалық бюджеттен облыстағы 24 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 1,32 млрд теңге; Атырау қаласындағы үш денсаулық сақтау нысанын және аудандардағы қазандықтарды жөндеуге жергілікті бюджеттен 312 млн теңге бөлінді, қызмет көрсетушілер жөндеуге 1,3 млрд теңге бөлді.

Атырау ЖЭО-да №2, 9, 11 қазандықтарды жөндеу жоспары толықтай орындалды, турбоагрегаттарды жөндеу 67%-ға орындалды. «Атырау жылу жүйелері» АҚ-да жоспарланған 34 шақырым тұрбаның 26 шақырымы жөнделді. «Атырау су арнасы» КМК-де 5,6 шақырым су құбыры және кәріздік тұрбалардың 4,5 шақырымына жөндеу жүргізілді. «Атырау Жарық» АҚ-да 77,2 шақырым электр жүйелерінің 73,4 шақырымы жөнделді. 374 білім беру  нысаны мен 241 әлеуметтік нысандар жылу алуға әзір. Сондай-ақ, 152 денсаулық сақтау нысанының 149-ы қысқа дайын. Облыстағы 1 496 көппәтерлі үйдің 1 421-і қысқа дайын. Атырау қаласы бойынша 932 үйдің 856-і шаю жұмыстарынан өтті.

«АЖЭО» АҚ-да мазут резерві 1 195 тоннаны құрады. Аудан-дардағы қазандықтардың бір бөлігі газдандырылмаған. Тұрғындар қысты аман-есен өткізу үшін 44 тонна көмір мен 208 тонна дизель отыны қажет. Бүгінде көмірдің бүкіл көлемі мен 147 тонна солярка әкелінген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.