Фото: ИА Новости-КазахстанАстана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Солтүстік Атлантикалық альянс (НАТО) ауған қауіпсіздік күштеріне оқыту және кеңес беруде қолдау көрсету туралы шешім қабылдады, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Аталмыш кездесудің (НАТО саммиті – ҚазТАГ) маңызды қорытындысы деп НАТО-ның Ауған Ислам Республикасындағы 2014 жылдан кейінгі жаңа әскери емес операциясы аясында АҰҚК (ауған ұлттық қауіпсіздік күштеріне – ҚазТАГ) қолдау көрсетуді айтуға болады. «Айтарлықтай қолдау», ол ауған қауіпсіздік күштерін оқытудан, кеңес беруден, материалды-техникалық ықпал көрсетуден тұрады, және жыл соңына қарай елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жауапкершілігін толығымен өзіне алады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Бұл ретте саммиттің кулуарында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковтың шетелдік ресми тұлғалармен бірқатар кездесу өткізгені айтылған.
«Саммиттің кулуарында қазақстандық делегация басшысы басқа елдердің ресми өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, соның ішінде Ұлыбритания сыртқы істер министрінің орынбасары Тобиас Элвудпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады», - делінген баспасөз парақшасында.
Хабарланғандай, НАТО саммиті 4-5 қыркүйекте Ньюпортта (Ұлыбритания) өтті.
Дереккөз: ҚазТАГ