Атырау, 25 қараша 23:26
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚР БҒМ оқу жылының басына оқулықтардың жетпей қалуына жол берген шенеуніктерді жауапқа тартуды талап етуде

2 249 просмотра

Фото: gazeta.kzФото: gazeta.kzАстана. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан білім және ғылым министрлігі оқулықтардың жетіспеушілгі орын алған облыс әкімдеріне білім басқармаларының тиісті басшыларын тәртіптік жазаға тарту туралы хат жолдады, деп хабарлады ҚР БҒМ мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технология департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

«Оқулықтардың жетіспеушілігінің басты себебі – жергілікті білім басқармаларының дұрыс болжам жасамауы, жаз мезгіліндегі қалаға көшу жағдайларының ескерілмеуі. Қазір біз облыс және қала әкімдеріне ҚР БҒМ-ға дұрыс ақпарат ұсынбаған білім басқармасының қызметкерлеріне қатысты шара қолдану туралы хат жолдадық», - деді Ж.Жонтаева жұмадағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әңгіме аудандық және қалалық білім басқармаларының басшыларын тәртіптік жауапқа тарту туралы.

Атап айтсақ, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында оқушылар оқулықтармен толық қамтылмаған.

Ал Астана, Алматы, Ақтөбе, Алматы және басқа облыстар оқулықтар және әдістемелік құралдармен «толық қамтылған».

Ж.Жонтаева ескілерінің орнына шыққан 3 және 10 класс оқулықтары туралы айтып отырғанын түсіндірді. Ол сондай-ақ аудандық білім басқармаларының аталмыш оқулықтарды сатып алу үшін өтінім жинап жатқанын айта кетті.

«Бұл мектепке берілген құқық. Соның негізінде әр аудандық басқарма оқулықтар сатып алады», - деді ол.

Ж.Жонтаева қазіргі таңда Қазақстанда «Алматы кітап», «Атамұра», «Мектеп» баспаларының оқулықтарының қолданылатынын жеткізді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Т8 млрд-ға 20 млн-дан астам оқулық сатып алынған.

39 адамнан тұратын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сараптау нәтижесін қарастыру жөніндегі республикалық комиссия 1119 оқулық пен оқу-әдістемелік құралдармен және басқа да қосымша әдебиеттермен таныстып, оның 1109 оқу әдебиетін балаларға оқуға ұсынды. 

Дереккөз: ҚазТАГ

5 қыркүйек 2014, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.