Ташкент. 5 қыркүйек. ҚазТАГ – Өзбекстанда блогерлерлерді өздерінің жеке веб-ресурстарында тексерілмеген және экстремистік сипаттағы ақпарат орналастырғаны үшін блоктамайтын болды. Жұма күні жергілікті басылымдарда «Ақпараттандыру туралы» Өзбекстан Республикасының заңына осындай тиісті толықтырулар мен өзгертулер енгізгені жарияланды.
Заңға өзгертулерге бейсенбі күні ел президенті Ислам Кәрімов қол қойып, ол жарияланған күннен бастап күшіне енді. Осы уақытқа дейін Өзбекстанда блогерлердің жұмысы заң тұрғысынан реттелмейтін.
Құжатта блоггер өзінің веб-ресурсында жарияланатын дерегінің растығын тексеріп алуға міндеттілігі, және егер ол ақпарат шындыққа сай келмейтін болса, немесе экстремистік сипатта болса, немесе заңға қайшы әрекеттерді насихаттайтын болса, оны тез арада алып тастауы керектігі айтылдады.
«Заң блогердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді, міндеттерін нақты көрсетіп, ол өз кезегінде көпшілікке арналған ақпараттарды интернетте таратқанда қойылатын талаптарды екі ұшты түсінуге мүмкіндік бермейді», - деді парламент баспасөз қызметінің өкілі.
Оның айтуынша, заң қандай да жағымсыз сайттардың «қара» тізімін жасауды қарастырмайды, пайдаланушылар мен көпшілікке арналған хабарды таратушылардан қандай да өтініш беруін, тіркелуін талап етпейді.
Заңның күшіне енуі интернеттің өзбек сегментінің дамуына, оның нақты және өзекті ақпараттармен толтырылуына жағдай жасайды, интернет-саладағы кәсіби қызметті рететудің тиімді тетігі мен ашықтықты қалыптастырады, дейді парламенттегілер.
Дереккөз: ҚазТАГ