Атырау, 27 қараша 15:32
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Балабақша мен үйге арналған гаджет

4 229 просмотра

3 қыркүйек күні облыс әкімдігінде «Электронды қазақ үй» жобасының таныстырылымы өтті.

- Киелі Қазақ үйдің кішірейтілген нұсқасына бесік жыры, ертегілер, балалар әндері, халық және халық композиторларының ән-күйлері, терме-толғаулар, отаншылдық рухтағы әндер мен Абайдың 45 қара сөзін қамтыған 1200 шығарма енгізілген. Сондай-ақ радио тыңдап, өзіңіздің құрылғыларыңыздағы (USB плеш карт және телефон карттағы) әндерді қосып ести аласыз, - дейді жоба авторы, «Ұлас-Электрон» компаниясының директоры Ғалымбек ҚЫЗЫРБЕКҰЛЫ.Біздің киіз үй патенттелген, авторлық құқығы қорғалған, ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің сараптауынан өткен.

Ғалымбек Қызырбекұлы мамандығы бойынша IT технолог, өнертапқыш. Электронды қазақ үйі оның компаниясының алғашқы өнімі. Өнертапқыштың айтуынша, киіз үй экологиялық таза материалдан жасалған, сондықтан, балаларға зияны жоқ.  

Электронды қазақ үйінің кітапханасы 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімге 150 ертегі енгізілген. Оларды танымал актер Айдос Бектемір мен белгілі диктор Сауық Жақан оқыған. Екінші бөлімде 167 балалар әні, үшінші бөлімде күйлер, төртінші бөлімде дәстүрлі ән, терме-толғаулар, бесік жырлары және Абайдың қара сөздері жазылған.

Айтпақшы, 2015 жылдан бастап электронды қазақ үйімен барлық қазақстандық балабақшалар қамтылмақ.

Айнұр САПАРОВА

5 қыркүйек 2014, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.