Атырау, 24 қараша 22:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Боснияда 30 адам жер сілкінісінен кейін шахтада қалып қойды

1 393 просмотра

Боснияда 30-дан астам кенші жер сілкінісінен кейін шахтада қалып қойды, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін шахтада тек сегіз кенші қалып қойды деп хабарланған болатын.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жақында кешке магнитудасы 3,5-ті құраған жер сілкінісі болды. Оның ошағы Сараеводан солтүстік-батысқа қарай 50 шақырым қашықтықта орналасты.

Зеница қаласындағы «Распоточье» шахтасының директоры Эсад Сивичтің мәлімдеуінше, шахтада болған 56 кеншінің 22-сі құтқарылды, ал 34-і әлі шахтада. 600 метрлік тереңдікте қалып қойған кеншілермен байланыс бар. Оларды жер астынан шығару үшін құтқарушылар жұмылдырылмақ.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

5 қыркүйек 2014, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.