2 қыркүйекте түн ортасына таман Атырау үстінен Персеидтер деп аталатын метеорит жауыны өтті.
Оны көргендердің айтуынша, метеор төмен ұшып өтіп, ақ дирижабльді еске түсірді. Санаулы секундтардан кейін «дирижабль» созылып, адамдар метеордың артынан шұбатылып, қызыл ұшқындатқан шлейфты көрген. Қалалықтар бұл құбылысты шамамен екі минуттай тамашалаған. Содан кейін метеор Махамбетке қарай көкжиекке еніп кетті.
Айтпақшы, облыс аймағына метеорит құлайтыны туралы ТЖ-дан еш хабар келген жоқ.
- Мұндай оқиға жүз жылдан бері, жыл сайын, Жер ескі кометаның ұшу траекториясымен жанасқанда көрінеді, - деп түсіндірді «АЖ»-ға Алматыдағы Фесенко атындағы Астрофизикалық институт қызметкерлері. - Персеидтер – Персей шоқжұлдызы жағынан жыл сайын тамыз айында пайда болатын метеорит ағыны. Жердің Свипт-Туттль кометасы шығаратын шаң бөліктері арқылы өтуі нәтижесінде пайда болады. Құм сияқты ұсақ бөліктері жер атмосферасында жанып, «жұлдызды жауын» қалыптастырады. Оның қарқындылығы бірте-бірте артып, шарықтау шыңына жеткен кезде бәсеңдей бастайды.
Анастасия ПАСТУХОВА