Атырау, 17 мамыр 09:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Кімнің үйірмесі қызықтырақ?

9 078 просмотра

28 тамызда «Мұнайшы» спорт кешенінде «Номад» ҚБ мен Атырау қалалық әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен балалар мен жастар үйірмелерінің және клубтарының байқауы өтті.

Шараға 30 шақты балалар мен жастар ұйымы қатысты. Балалар би билеп, сурет салды, сайысты...

Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар бағалы жүлделермен марапаттады.Үздік мемлекеттік қосымша білім беру мекемесі болып – «Облыстық мүгедектер спорт клубы» КМК, үздік жеке қосымша білім беру мекемесі – «Сказка» балалар орталығы, балалар демалысын үздік ұйымдастырушы – «Миллениум» балалар экотуристік клубы, келушілер көп келетін үйірме – мектептен тыс жұмыстар орталығы мен облыстық балалар кітапханасы, балалар демалысын ұйымдастыруда жаңалық табушы – Қазақ саңыраулар қоғамының сатира театры мен №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, үздік жеке білім беру үйірмесі – «Дархан би» студиясы, үздік мемлекеттік білім беру үйірмесі – жас натуралистер стансасы мен №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі атанды.

«Миллениум» экотуристік клубының президенті Александр КАПЁНКИН былай дейді:

- Біздің клубтың №6 мектеп жанында қызмет етіп келе жатқанына бесінші жыл болды. Біз балалардың бойындағы патриотизмді дамытып, туған өлкені танытуды алдымызға мақсат етіп қойдық. Балалар гидробиологиялық зерттеулер жүргізеді, палеонтологиялық  материалдарды – ежелгі акулалардың тістерін жинайды, энтомологиямен айналысады – түрлі жәндіктерден коллекция жасайды. Үшінші жаз қатарынан біз Астрахан облысындағы халықаралық балалар демалыс лагеріне бардық. Біздің клубқа жоғарғы санатты биология мұғалімі Галина Мамаева басшылық етеді. Ғалым-өлкетанушы Федор Сараев ғылыми жетекшісі болып табылады. Клубта болған уақыт ішінде біз Жылыой ауданындағы борлы тауларға бардық, Ембі өзені сағасының бойымен жүрдік, Индер көліне аяқ бастық. Сонымен қатар, мектеп жанында «Ералаш» театр-студиясы бар. «Миллениум» клубының «ядросын» мектеп оқушылары: Кристина Плотевнева, Рамиля Рахманқұлова, Сабина Қуанаева, Нұржауған Әубекерова және басқалар құрайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.