Атырау, 27 қараша 14:45
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Шырмауық шырмауында

10 010 просмотра

Қалалық әкімдікпен көрші жер телімінің иесі Ғалымжан ПАРИТОВ дабыл қағуда: қалалық әкімдік алдындағы шағын бақшада «мұнайлы астананың» барлық өсімдіктерін құртуға қауқарлы арам шырмауық өсіп жатыр.

Арам шырмауық – карантиндік зиянкестер тізіміне кіретін өсімдік. Шын мәнінде, осы арам сояу деп те аталатын шөптің тамыры да, жапырақтары да жоқ. Ол оған керек емес, өйткені, бұл зиянкес басқа өсімдіктердің шырынымен қоректенеді. Шырмауық шырмаған кез келген өсімдік өледі.

Ғ. Паритов былай дейді: «Мен мамандығым бойынша биологпын. Мен осы фитозиянкес туралы жақсы білемін. Оның тұқымын, не де болса, өзен әкелген болар. Ол алдымен орталық көпірдің түбінде, өзен жағасында өсіп тұрған теректерді шырмаған. Олар түп тамырымен жұлынғаннан кейін «індет» қалалық әкімдік алдындағы бақшаға ауысқан. Бағбандар зиянкестің сабақтарын жұлып жатыр, алайда олар әл бере ме?.. Теректер мен басқа да ағаштар сирей бастады. Осы жерден арам шөптің тұқымы менің бақшама түсіп жатыр. Мен шырмалған таңқурай мен өрік ағаштарын жұлып тастадым. Үндемей қалайын десем, жерім, тіпті, бүкіл қала «жалаңаш» қалады.

Біз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі карантиндік өсімдіктер бойынша аумақтық басқармаға хабарластық. Осы мекеменің қызметкері Нұргүл ҚАЙЫРҒОЖИЕВАНЫҢ айтуынша, карантиндік өсімдіктер бөлімі бірнеше рет қалалық әкімдік жанындағы теректердің арам шырмауықпен зақымданған фактілерін анықтаған. Облыстық әкімдікке осы арам шөпті жою туралы ұйғарым жіберілді. Алайда еш нәрсе жасалған жоқ.

ҚР «Карантиндік өсімдіктер туралы» заңның 8-бабы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекторы облыстағы карантиндік өсімдіктер заңнамаларының бұзылуына жол берген тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы.

- Неге айыппұл салмайсыздар?

Мұндай сұрақты күтпеген ауыл шаруашылығы қызметкері алдымен тексеруге мораторий жариялауды тілге тиек етсе, кейін теректердің зақымданған учаскелеріне химиялық зарарсыздандыру  жасау мәселесін облыстық әкімдіктің шаруашылық бөлімі шешеді деген жауап қайырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 қыркүйек 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.