Атырау, 27 желтоқсан 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Порошенко КО-мен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі жұмыс тобын таратып жіберді

1 419 рет қаралды

Петр ПорошнекоПетр ПорошнекоАлматы. 3 қыркүйек. ҚазТАГ – Украина президенті Петр Порошенко Кедендік одақпен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі жұмыс тобын таратып жіберді, деп хабарлады Украина президентінің баспасөз қызметінен.

Бұл туралы жарлық 2 қыркүйекте елбасының сайтында жарияланды.

«Украина президенті құрған консультативтік, кеңес және басқа да қосалқы органдар мен қызметтер жүйесін оңтайландыру мақсатында (...) қаулы етемін: (...) Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының Кедендік одағымен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі жұмыс тобы таратылсын», - делінген жарлықта.

Одан басқа, 19 әр түрлі органдар жойылды, оның ішінде украина-ресей қарым-қатынас мәселелері бойынша сарапшылар кеңесі бар.

Сәйкесінше, осыған байланысты П. Порошенконың алдындағы басшылардың ондаған жарлықтары мен өкімдері өз күштерін жойды.

Жарлық жарияланған күннен бастап күшіне енеді. 

Дереккөз: ҚазТАГ

3 қыркүйек 2014, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.