31 тамызда күндізгі сағат 2-де Жилгородоктағы Әуезов көшесінде полицей қызметкерінің қатысуымен болған жол көлік оқиғасы орын алды. Патрульдік Ssang Yong джипі қызыл шам жанған кезде қатты жылдамдықпен шығып, Toyota Prado көлігін соқты. Бағына қарай, рөлде отырған қыз жеңіл жарақаттармен құтылды. Ол редакцияға хабарласып, апаттың егжей-тегжейі туралы әңгімелеп берді.
- Мен жасыл шам жанған кезде Одесса көшесінен Әуезов көшесіне өтіп бара жатқан едім, - дейді Сабина ШИБАЛАЕВА. – Бұрылыста жол полициясының екі қызметкері қызметтік машинамен (мемлекеттік нөмірі E648KP) қатты жылдамдықпен қызыл шамнан өтіп кетіп, менің көлігіме соқтығысты. Қауіпсіздік жастығының арқасында мен тек жеңіл жарақаттар ғана алдым. Егер жеңіл машинада отырған болсам, бұл кісі өлімімен аяқталған апат болар еді. Қалайша мұндай жылдамдықпен зымырауға болатынын түсінбеймін.Өйткені бұл жерге сағатына 40 км шектеу қойылған, жолдың екі жағында екі мектеп бар, бұл халық тығыз орналасқан аудан ғой.
Қыздың айтуынша, апат орнына сол сәтте көптеген патрульдік машиналар мен түрлі деңгейдегі шенеуніктер жетіп келген. Бірақ апатқа кінәлілер оған алғашқы медициналық көмек көрсетудің орнына, телефон нөмірлерін теріп, өз қамқоршыларына қоңырау соққан. Бұл тіпті апатты көзімен көргендердің наразылығын тудырыпты.
- Үш тәулік өтті, бірақ менімен ешкім де хабарласқан жоқ. Алайда қалалық ІІД анық-қанығын анықтауға міндетті ғой. Өйткені бұл апатқа кінәлілер қызмет көлігінде, қызметтік формада және қызметтік міндеттерін орындау кезінде орын алды. Қазіргі кезеңде тіпті өзімнің не істейтінімді білмеймін. Апат орнында 1992 жылы туылған, №0493 жетонды сержант Руслан САРИЕВТІҢ 100 пайыз кінәлі екендігін ІІД орынбасары мойындаған еді. Алайда апатқа кінәлі мен оның жұмыс берушісінің (ІІД) әрекетсіздігі маған түсініксіз. Банкте кепілдікте тұрған және несиесі толықтай төленбеген көлігім жөндеуді қажет етеді.
Сабина ҚР ІІМ сайтына, сондай-ақ, оның айтуынша, осы уақытқа дейін әрекетсіз отырған олардың басшылығына апатқа кінәлілерді жауапкершілікке тарту өтінішімен хат жазыпты. Сонымен қатар, ол редакцияға бейнетіркегішке түсірілген бейнежазба мен суретті әкеліп берді.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі ГүлнәзираМҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, ЖКО жасаған қызметкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, осы факті бойынша тергеуалды және қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Зиянды өтеу шаралары алынуда.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА