«Атырау су арнасы» КМК баспасөз қызметі 5 қыркүйекке қараған түні сағат 00-ден таңғы сағат 6-ға дейін су тазарту құрылғыларындағы жөндеу жұмыстарына байланысты суық судың тоқтатылатындығы туралы хабарлама таратты.
Естеріңізге салсақ, 3 қыркүйектен 14-іне дейін «Атырау жылу жүйелері» АҚ күрделі жөндеу үшін магистральды жылу жүйесін толықтай ажыратуға байланысты ыстық су беруді тоқтатқан болатын («Салқын сумен жуыныңыз»). Енді міне, суық су беру де тоқтатылмақ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ