Атырау, 24 қараша 22:47
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жапония үкіметі отставкаға кетті

2 412 просмотра
Жапония үкіметі премьер-министр Синдзо Абэнің талап етуімен толық құрамда отставкаға кетті. Ол кабинеттің шұғыл отырысында министрлердің тиісті өтініштерін жеке өзі жинап алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Үкіметтің толық құрамда отставкаға кетуі министрлер кабинетінде ауыс-түйістер жасау үшін қажетті ресми процедура.

Отставкаға кеткен үкімет ресми түрде өзінің міндеттерін күннің екінші жартысына дейін орындайды. Сол кезде жаңа министрлер кабинеті құрылады деп күтілуде, онда премьер бірден он бір министрді ауыстыруды жоспарлап отыр. Олардың арасында, атап айтсақ, әскери, заң және экономикалық ведомстволардың басшылары бар. Жаңартылған құрамға кем дегенде бес әйел кіреді деген болжам да жоқ емес. Бұл Сидзо Абэнің елдің саяси және экономикалық өмірінде әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған жеке бастамасы.

Дереккөз: bnews.kz

 

3 қыркүйек 2014, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.