АҚШ президенті Барак Обама бүгін Эстония астанасы Таллинге келді. Ол мұнда Эстония президенті Томас Хендрик, Литва президенті Даля Грибаускайте және Латвия президенті Андрис Берзиньшпен кездеседі.
АҚШ президентінің баспасөз хатшысы Джош Эрнестің айтуынша, Обама Балтық бойы елдеріне Вашингтонның аймақ қауіпсіздігін сақтауға берген уәдесіне берік екендігін білдіру үшін барған. 4 қыркүйек күні Уэльсте НАТО-ның екі күндік саммиті басталады. Онда Ресейдің Украинадағы саясаты мен әрекеті талқыланбақ.
Бұрын СССР құрамында болған Эстони, Латвия және Литва қазір Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше. Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистердің аймақты басып алып, «халық респбуликаларын» жариялауы Балтық бойы елдерінің Кремльдің болашақ жоспарына қатысты алаңдаушылығын тудырған.
Дереккөз: Азаттық радиосы