Путин Армениямен ЕАЭО-ға қосылу туралы шартқа қол қоюға нұсқау берді
1 203 просмотра
Ресей президенті Владимир Путин Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартқа қол қоюға нұсқау берді, деп хабарлайды 7or.am РФ құқықтық ақпараттың ресми интернет порталына сілтеме жасап.
РФ президентінің өкімі Экономикалық даму министрлігіне Ресей үкіметі ұсынған шарттың соңғы мәтініне түбегейлі емес түзетулер енгізуге берілген мүмкіндікті қарастырады.
Владимир Путин Шартқа қол қоюды орынды деп санайды.
Естеріңізге салып өтсек, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа биылғы жылдың 29 мамырында Астанада қол қойылған болатын.