Атырау, 23 қараша 12:50
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұнай табыстары кімнің қалтасына түсіп жатыр?

2 772 просмотра

Жұма күні, 29 тамызда Атыраудағы қоғамдық және үкіметтік емес бірлестіктер (ҚБ және ҮЕҰ) «Поствалидациялық кезеңде өңірлік Тұрақты даму және ӨСАБ (Өндіруші салалар қызметінің ашықтық бастамасы) проблемаларына жұртшылықты тарту үшін әлеуметтік, құқықтық, экологиялық мәселелерді шешу жөніндегі ұсыныстар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Тақырыптың ұзын-сонар әрі түсініксіз болғанына қарамастан нақты проблемалар: мұнай табыстары, ақпараттандыру және тұрғындардың құқықтық сауаттылық деңгейі  туралы мәліметтер жөніндегі ақпараттар алудағы біздің құқығымыз талқыланды. Оған Атырау және Маңғыстау облыстарындағы «Аялы Орта» ҚБ (осы жобаның үйлестірушісі), «Каспий Табиғаты», «Демос», «Мегаполис», «Ақтау Дауысы» ҚҚ, «Заман» ұйымдары

қатысты.

 

ТАБЫСТАР КІМНІҢ ҚАЛТАСЫНА ҚҰЙЫЛУДА?

Естеріңізге салсақ, ӨСАБ-ны 2002 жылы Йоханесбургте тұрақты даму жөнінде өткен саммитте Тони БЛЭР бастама етіп көтерген болатын. Ол өнеркәсіптің мұнай, газ және тау-кен өндірісі салаларындағы табыстардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік стандартты білдіреді. 2013 жылы Қазақстан ӨСАБ-ты ұстанушы ел болып, валидациядан (яғни, ӨСАБ критерияларына сәйкестігін тексеруден) өтті.

2013 жылдың маусымында Еуропарламент өндіруші салалардағы бүкіл компанияларды жекелеген елдер мен жобалар бойынша өз төлемдерін жариялауға міндеттейтін ашықтық пен есептілік директивасын қабылдады, - дейді «Каспий Табиғаты» төрағасы Махамбет ХАКИМОВ. – Осы бастамаға Африка мен Азияның да бірқатар елдері қосылды. 2014 жылдың наурызында АҚШ «Үлкен сегіздік» елдерінің (G-8) арасында бірінші болып ӨСАБ –қа үміткер ел мәртебесін алып, өндіруші салалардағы өз билігін жақсартуды қалайтын әлемнің 41-ші елі атанды. Астанада, Ақтауда, Алматыда халықаралық конференциялар, сонымен қатар халықаралық ӨСАБ директорларымен кездесу өтті. Сол кезде өңірлік ҮЕҰ-дар елдің өндіруші аймақтарында ӨСАБ идеяларын жүзеге асырайық, әйтпесе жергілікті халық бұрынғыша Ашықтық бастамасының идеясы мен қызметіне енжар қарайды деп шақырды.

Хакимовтың айтуынша, қазір ӨСАБ-та бенефициарлық құқық бойынша, яғни, мұнай табыстары қалталарына құйылып жатқан өндіруші компаниялардың нақты қожайындары жөніндегі ақпаратты ашып көрсету туралы жаңа жоба жасақталуда. Осыған қатысты EITI/ӨСАБ сайтында былай делінген: «Көптеген жағдайларда мұнай, газ және пайдалы қазбаларды өндіруге құқық алған компанияның нақты қожайындарының жеке тұлғасы белгісіз және заңды тұлғалар тізбегімен жасырылған. Бұл сыбайлас жемқорлыққа, ақшаның ізін жасыруға және өндіруші саладағы салықты төлеуден жалтаруға мүмкіндік туғызуы мүмкін.

ӨСАБ-ның 12 елі - Буркина-Фасо, Конго Демократиялық Республикасы, Гондурас, Ирак, Қырғыз Республикасы, Либерия, Нигер, Нигерия, Тәжікстан, Танзания, Тринидад & Тобаго және Замбия осы елдерде жұмыс істейтін өндіруші компаниялардың нақты қожайындары туралы ақпаратты ашып көрсету туралы сынама жобаға қол қойды. Сынама жоба 2015 жылдың аяғына дейін жалғасады».

«Демос» ҚБ төрағасы Тоғжан ҚИЗАТОВА:

Өкінішке орай, Қазақстан әзірге бұл тізімге қосылған жоқ. Қалай дегенмен де, 2016 жылы бұл ӨСАБ-қа кірген барлық елдер үшін міндетті шарт болады. Сол кезде Қазақстан өзіне өндіруші компаниялардың бүкіл негізгі қожайындарын ашып көрсету міндетін алады. Әйтпесе, бізде мұнай өндіруші ЖШС-лер көп. Ал оның артында кім тұрғанын ешкім де білмейді.

«Заман» ҚБ төрағасы Әсел НҰРҒАЗИЕВА құқықтық жайттарды түсіндірді:

Кезінде, 2011 жылы біздің ұйым өндіруші өнеркәсіптегі келісімшарттарды ашып көрсету жобасын бастады. Алайда жоба ұзақ уақыт бойына Жаңаөзен проблемасымен айналысуыма байланысты аяқталмай қалды. Ал Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы заңда шетелдік компанияларға, егер оның шыққан елі ӨСАБ-қа қосылмаған болса, лицензия берілмейтіндігі туралы жазылғандығын көпшілігі біле бермейді. Көріп отырғандай, есептілікті ашып көрсетуді – мәжбүрлі шара деуге болады.

 

БІЛГІҢІЗ КЕЛМЕСЕ – ЖЕМҚОРЛАРДЫ ТОЙДЫРЫҢЫЗ

Кездесу кезінде қоғамдық ұйымдар тұрғындардың құқықтық сауатсыздығына алаңдаушылық білдірді.

Маңғыстау облысындағы ірі өнеркәсіп өңірі Құрықты алайық. Ол жерде ауқымды айлақ, мұнай-газ құбыры салынуда. Бірақ ол жердегі адамдар өздерін жұмысқа алмайтындығына шағымданады, - дейді Хакимов.– Біз оларға кез-келген жоба басталар алдында қоғамдық тыңдаулар өткізілетіндігін, осы кезеңде келісіп, мәселен, жергілікті тұрғындарды 100 пайыз жұмыс орындарымен қамту туралы өз шарттарын қою керектігін түсіндіреміз. Құлсарыда бұл тұрғыда тұрғындар анағұрлым тәжірибелі. Біздің жобаның атауында «ұсыныстар» деген сөз бар. Бірақ бізде дайын ұсыныстар жоқ. Біз адамдардың пікірлерін жинаймыз. Бұл алғашқы жазба нұсқасы, барлық қорытындыны үстіміздегі жылдың 24 қыркүйегінде конференцияда жасағымыз келеді. Содан кейін облыстық және республикалық депутаттар арқылы ұсыныстарымызды (қолданыстағы заңға енгізілетін түзетулер түрінде) мемлекеттік органдарға жеткізбекпіз.

Жобаның мәнісін Т. Қизатова да түсіндірді:

Ауыл адамдарына ӨСАБ дегеннің не екенін білу қажет емес, бастысы – халық оның мәнісін ұғыну керек. Ал оның мәнісі мынада – халықтың мұнай өндіруші саланың қаржысы қалай жұмсалатындығын білуге және бақылау жасауға құқығы бар. Әлеуметтік жобалар туралы айтқанда, біз әлдебір ауылда әлдене салынып жатқандығын айтамыз, бірақ ол жердегі адамдар салынып жатқан жоба туралы, құрылысқа қандай компаниялар қатысатындығы туралы, құрылысқа қанша ақша кететіндігі жөнінде ақпарат сұрауға құқылы екенін білмейді. Біздің жобаның мәнісі – тұрғындардың құқығы туралы одан әрі ақпарат беру. Біз адамдардың белсенділік танытып, мұнай өндіруші компанияларға, мемлекеттік органдарға сұрақтар қойып, сауалдармен жүгінгенін қалаймыз. Осы мақсатта біз Құрықта (Маңғыстау облысы), Ақтауда, Құлсарыда жиналыс өткіздік.

 

«Солтүстік-Каспийбаспасөз клубы» ҚБ, Артур ШАХНАЗАРЯН:

Атырау облысының бюджеті елге 2 трлн астам теңге береді. Оның 7 пайызы (110-120 млрд теңге) бізде қалады. Бұған жыл сайын әлеуметтік-инвестициялық жобаларға (ӘИЖ) жұмсалатын мұнай өндіруші компаниялардың 50 млн долларын қосайық: ТШО-дан 25 млн, Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялардан 10-12 млн, қалғандары КТК және т.б. ӘИЖ жұмсалуының ашықтығы мен мақсаттылығын қамту үшін біз әлеуметтік инвестициялар бойынша үшжақты Кеңес (мемлекеттік органдар, мұнай өндіруші компаниялар және ҮЕҰ) құрғымыз келеді. Біз қажетсіз нысандар салынып жатыр деп әлденеше рет естідік. Мәселен, Құлсарыда шалғайдағы бос жерден болашақта оралмандарға арналған поселке болады деп ойлап, мектеп салды. Ал оралмандарға арналған жеңілдіктерді жойған кезде, қымбат тұратын мектеп пайдасыз болып қалды. Жергілікті балалар шалғай болғандықтан ол жерге барып оқи алмайды. Айналып келгенде, мектепті КТГ балансына берді. Мұндай жағдай болмас үшін жұртшылық жобаға бақылау жасауы керек.

Біз Қазмұнайгаздың ӘИЖ мониторингісін өткіздік, өйткені ұлттық компания NCOC-пен қатар Қашаған жобасын жүзеге асырады. Ол жерде бірқатар тиімсіз жобалар әзірленгені анықталды. Сол кезде біз осындай Кеңесті құру идеясымен шықтық.

Қоғамдық қызметкерлердің айтуынша, болашақта ӘИЖ бойынша ақпараттар: мұнай өндіруші компаниялар облыс өңірлерінде қандай жобалар жүзеге асыратындығы жарияланатын веб-сайтты құру жобалануда.

Тұрғындар өздерін күзет төбеті секілді ұстап, табиғи байлықтарын сақтауы тиіс, - деп сөзін түйіндеді Хакимов. – Бірақ адамдар ештеңе білмейді, тұрғындар тіпті өз ауданының бюджетін де білмейді. Білімсіздік селқостықты туғызады, ол өз кезегінде жемқорлықты тудырады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

2 қыркүйек 2014, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.