Атырау, 27 қараша 14:54
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Кімнің тауары жақсы?

2 562 просмотра

27 тамызда қалалық ДСК-нде жыл сайынғы «Атыраудың үздік тауары» көрме-байқауы өтті.

Көрмеге облыстың 30-дан аса тауар өндіруші кәсіпорындары қатысты, арасында өңірімізге белгілі фирмалар да («Інжу-Маржан» ЖШС, «Өнерпаз» тұрмыстық үйі және т.б.), бизнеске алғаш қадам басқан жаңа кәсіпорындар да бар. Мәселен, «Бум-2020» ЖК өз жұмысын күні кеше бастаған. 2-топтың мүгедегі Ақмарал БАУЛАУОВА «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша несие алып, қағаз дорбалар жасайтын жабдық сатып алған. Бұл инновациялық жоба, өйткені қағаз дорбалар полиэтилен дорбаларға қарағанда экологиялық зиянсыз зат болып табылады. Естеріңізге салсақ, бұдан екі жыл бұрын қала билігі Атырауда қағаз дорбаларға көшуді қолға алған, тіпті, ірі сауда орталықтары және супермаркеттер желілерімен полиэтилен дорбалардан бас тарту туралы меморандумға қол қойған. Алайда идея әрі қарай іске аспады.

- Түбі және ұстайтын құлағы бар қағаз дорбалар қымбат, бұған керекті жабдықтардың да бағасы жоғары. Менің білуімше, бізде осындай үлкен ақша шығаратын кәсіпкер табылмады. Біз төртбұрыш түбі мен құлағы жоқ дорба жасаудан бастаймыз, қалай болғанда да бір бастау керек қой. Дорбалардың түрі бар: француз багеттеріне, шағын ескерткіштерге арналған, супермаркеттерге арналған крафт дорбалар. Ірі сауда нүктелерімен ынтымақтастыққа қол жеткіземіз деп үміттенеміз, -дейді жас кәсіпкер.

«Алдияров» ЖК Мақат ауданында 3 жылдан бері жұмыс жасап келеді, нан, нан-бөлке өнімдері және кондитерлік бұйымдар шығарумен айналысады. ЖК қазірдің өзінде бүкіл Мақат ауданы бойынша өз өнімдерін таратып жүр, ол балабақшамен, ауруханамен, жеке ұйымдармен келісімшарт жасасқан. Бүгінде, наубайхана директорының орынбасары Назгүл ОРЫНБАСАРОВАНЫҢ айтуынша, облыстық деңгейге шығатын кез келді.

«Мажитов» ЖК өнімдері облыс тұрғындарына белгілі, алайда кәсіпкер байқауға суландыру жүйесіне тыңайтқыштарды өлшеп қосуға мүмкіндік беретін инновациялық жабдық ұсынды.

Үстіміздегі жылы байқау үш номинация бойынша өткізіліп жатыр: «Өндіріске арналған үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», және «Үздік азық-түлік тауарлары». Барлық қатысушылар өз өнімдерін халыққа таныстырумен ғана шектелмей, жаңа өткізу нарықтарын табуға үміттенеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

2 қыркүйек 2014, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.