28 тамызда Атырауда бірден екі үй тұрғындары қоныстой тойлады.
Облыс және қала басшылығы Ерниязов көшесі, 18 және Нұрсая, 68 мекенжайларында салынған жаңа үй тұрғындарына кілт табыс етті. Екі көппәтерлі үй де «Қолжетімді баспана-2020» - «Кезекте тұрғандарға арендалық тұрғын үй беру» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Бірінші үйде 72 пәтер болса, екінші үйде - 54 пәтер. Жаңа тұрғын үйлерді аз қамтылған отбасылар, мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, жетімдер, бюджет қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер және т.б. алды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА