АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын-ала есептеулер бойынша алдағы қазан айында болатын қажылық маусымы кезінде Сауд Арабиясы еліне түсетін пайда мөлшері белгілі болды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бұл жылы қасиетті мекеннің қожайындары қажылық маусымы кезінде 8 500 000 000 АҚШ доллары көлемінде пайда көрмек. Мәліметтерге сүйенер болсақ, биылғы жылы Мекке шаһарына келетіндердің саны 2 000 000 адамды құрап отыр.
Зерттеу жұмыстары биылғы жылы 1 980 000 мұсылманның, оның ішінде 1 380 000-ы (70%) шетелдерден келетіні туралы мәліметтер негізінде жасалған. Осы орайда, шетелдерден келген парызын өтеушілердің бес күнге созылатын қажылық рәсімі кезінде орта есеппен 17 381 риал жұмсайтыны белгілі болды. Ал жергілікті мұсылмандарда бұл көрсеткіш 4 948 риалды құрайды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан.
Дереккөз: inform.kz