АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк полициясы 2013 жылғы сәуірде Бостон марафонында жарылысты ұйымдастыруға күдікті Джохар Царнаевтың апасы Алина Царнаеваны ұстады, деп хабарлады Би-Би-Си.
Полиция ақпараты бойынша, тұтқынға алуға Царнаеваның оның күйеуінен бала туып алған әйелге жасаған қоқан-лоққысы себеп болған.
Полиция өкілі, Царнаеваның ол әйелмен сөйлескенде «Менде саған келіп, бомба қоятын адамдар бар» дегенін айтқан.
Бұдан бұрын полиция өткен жылғы қазан айында Царнаеваны Бостондағы жарылыс туралы ісrе қатысты куәгер ретінде шақырған, алайда ол тергеуге көмектесуден бас тартты.
Өткен аптада Джохар Царнаевтың досы Диас Қадырбаев өзінің істі тергеуге кедергі келтіруге айыпты екенін мойындады.
Шілдеде алқабилер соты Царнаевтың тағы бір досы - Азамат Тәжаяқовты сот ісіне кедергі келтіргені үшін айыпты деп тапты.
Бостонда 2013 жылғы 15 сәуірдегі марафон мәресіндегі жарылысқа айыпталып отырған 20 жастағы Джохар Царнаевтың процесіне әзірлік жүріп жатыр. Сот ісі қарашаның басына белгіленген.
Дереккөз: inform.kz