Атырау, 19 қазан 22:05
 дождьВ Атырау +18.7
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Түнгі өртте ажал құшты

2 375 рет қаралды

Көрнекі сурет.Көрнекі сурет.24 тамызда түнгі 3-те облыстың ТЖ бойынша департаментінің пультіне Алмагүл мөлтек ауданына жақын орналасқан жеке үйлердің бірінде орын алған өрт туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер Әбдірахманов көшесіндегі №92 үйдің бір бөлігі өртеніп жатқанын көрген. Алдымен брандмейстрлер өрт құшағынан газ баллонын алып шықты, кейін өртті сөндірді. Күл арасынан үй иелері – 57 жасар ер адам мен 53 жасар әйел адамнің денелері анықталды. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 тамыз 2014, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.