Атырау, 24 қараша 21:44
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Америкалық журналисті өлтірген лаңкестің әкесі Усама бен Ладеннің көмекшісі болған

2 261 просмотра

Фото: Social Media Website via REUTERS TV / ReutersФото: Social Media Website via REUTERS TV / ReutersАмерикалық журналисті өлтірген экстремистің әкесі қазір АҚШ түрмесінде жатыр, деп жазады The Daily Mail британ газеті. Басылымның хабарлауынша, ол кезінде «Әл-Каиданың» бұрынғы көшбасшысы Усама бен Ладеннің көмекшісі болған.

 Басылымның мәліметі бойынша, 54 жастағы Әдел-Әбдел-Бари – Египетте туған, 1993 жылы оған Ұлыбтиранияда саяси баспана беріліпті. Ал 1998 жылы Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктерінде болған лаңкестіктерге қатысы бар деген айыппен қамауға алынған екен.

2012 жылдың қазанында ол АҚШ-қа экстрадицияланды. Бариді айыптау материалдарында «Әл-Каида» ұйымдастырған террактілердің басы қасында жүрген» деп жазылған. Оның ісіне қатысты сот отырысы осы жылдың қараша айына жоспарланып отыр. Егер кінәсі дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: sunnewsonline.comФото: sunnewsonline.comӨткен аптада бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарына ИСИМ баскесерінің АҚШ журналисі Джеймс Фолейдің басын кескен бір видеосы шыққан болатын. АҚШ-қа қарсы мәлімдеме жасаған бұл видеода баскесер де сөйлейді. Қазір сол баскесердің рэпер Абдел-Бари болуы мүмкін деген болжамдар жасалып отыр. «The Sun» газетіне шыққан мақалада бір сарапшы Фолейдің басын кескен «Джон» есімді ИСИМ содырының дауысы Абдел-Баридің дауысына ұқсайтынын айтыпты.

Бұған дейін «Лирикалық жын» деген лақап есім иемденген Абдел-Бари музыканы қойып, мұсылман болғанын және дін үйрену үшін Сирияға аттанғанын хабарлаған.  

Дереккөз: bnews.kz

26 тамыз 2014, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.